Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ТҰРҒЫНДАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ (+ВИДЕО)

https://youtu.be/6EL8y9FMm9c

— Құрметті жерлестер, ардақты атыраулықтар!

Қазір жалпы елдегі, сондай-ақ облысымыздағы эпидемиологиялық ахуал да өте күрделі.

Соңғы төрт күнде қауіпті індет жұқтырған 24 адам қайтыс болды. Бейбіт күнде осыншама адамнан айырылу үлкен қасірет…

Ведомсвтааралық коммиссия шешімімен екінші тамыздан бастап еліміздің бес қаласына қатаң локдаун енгізіледі. Эпидемиялогиялық жағдайы күрт нашарлаған қалалар қатарында Атырау да бар.

Яғни, «Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі уақытша тоқтатылады. Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, садақа және өзге де бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады.

Егер жағдай ушықса, қазіргіден де қатаң шешімдер қабылдауға тура келеді. Былтырғы қатаң шектеулер естеріңізде. Сондықтан сондай жағдайға жеткізбейік ағайын. Оның барлығы өз қолдарыңызда.

Өңірімізде аса қауіпті «Дельта» штаммының таралуы мен карантиндік талаптардың сақталмауынан коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсуде. Мысалы, былтыр осы уақытта орта есеппен 5830 жағдай тіркелсе, биыл 7767-ге жетіп отыр. Бұл ауру көрсеткіші 8 есе артқанын көрсетеді.

Ал қауіпті індет қазіргі кезде күн сайын 400-ден астам адамнан анықталуда.

Бүгінде облыс бойынша коронавирус жұқтырған мың жарымдай адам инфекциялық стационарларда ем алуда. Оның ішінде 102 жүкті әйел, 4 жас босанған ана мен 18 жасқа дейінгі 13 бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқандар саны болса, төрт мыңға жуықтады.

Жансақтау бөлімінде 80-дей адам ауыр халде жатыр. Олардың оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қайтыс болғандар, ауруханада жатқан жандарға бәріміздің салғырттығымыз себеп болуы мүмкін. Той-мен садақаны тоқтатпау, санитарлық талаптарға қатысты қарапайым қағидаларды орындамаудың соңы үлкен өкінішке ұласуда. Олай дейтінім, науқастардың басым көбінің қауіпті инфекцияны той-томалақ, садақа, адам көп жүретін қоғамдық орындар мен ресторан-кафелерден жұқтырғаны анықталды.
Құрметті жерлестер, бүгін садақа я той өткізген отбасында келесі апта жаназа шығарылып жатуы әбден мүмкін.

Ойланыңыздар!

Қазір ауруханалар мен емханаларда да бос орын қалмай барады. Кейбір ауруханаларды қажеттігіне қарай инфекциялық стационарға айналдырып жатырмыз. Бірақ, бұның барлығы тұрғындарды жоспарлы емдеуге кесірін тигізеді. Медициналық қызметерлердің де жүктемесі артып, ауыр салмақ түсуде.

Ал короновирустың жеңіл түрімен ауыратындарға тіпті жатақханалардан да қосымша инфекциялық орындар дайындаудамыз.

Бізге әрбір тұрғынның өмірі мен қауіпсіздігі қымбат. Біреудің жауапсыздығы үшін екінші бір адамның өміріне қауіп төнбеу керек. Тиісті органдарға, мобилдік топтарға жұмысты күшейтуді тапсырдым.
Коронавирус инфекциясынан құтылатын жалғыз жол — вакцина салдыру. Қазір облысымызда 135 мыңнан астам тұрғын екпе алып үлгерді. Әр-түрлі қауасет таратушылардың ешқайсысы сіздің денсаулығыңызға кепіл бола алмайды. Елімізде қауіпті вакцина алғандардың тек 0,1 пайызы ғана коронавирустың жеңіл түрімен ауырғаны анықталды.

Құрметті жерлестер, әсіресе, халықпен қоян-қолтық жұмыс жасайтын әлеуметтік сала қызметкерлері баршаңызды вакцина салдыру арқылы қауіпсіздігімізді күшейтуге шақырамын.

Былтырғы жағдайдан сабақ алдық, тәжірибе жинадық, барлық жағынан дайындығымыз бар. Ең бастысы — сақтық пен тәртіп керек.

Құрметті атыраулықтар, короновирус инфекциясының шарықтау шегі тамыз айы деп болжанып отыр.

Сын сәттен сүрінбей өту — әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік. Басыңыздың аман, бауырыңыздың бүтін болуы тікелей Сіздің қолыңызда!

Сабыр, төзімділік пен түсіністік қана бізді амандыққа бастайды.
Сақтанайық, сақ болайық! Қауіпті індетті амандықпен бірге жеңейік!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button