Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысының әкімі Фейсбукте парақшасын ашты

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Facebook» және instagram желілерінде жеке парақшасын ашты.

Әкім бұл туралы облыс тұрғындары алдындағы  есеп беру кезінде мәлім еткен еді.  

«Құрметті Атырау облысының тұрғындары! «Facebook» және instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшамды аштым. Себебі, жаңа медиа сөзсіз жаңа дәуірдің тиімді байланыс құралының біріне айналды. Тілін білсе, әлеуметке пайдасы көп әлеуметтік желіні біз де игілігімізге жаратуымыз керек. Сондықтан, мұнда жасап жатқан жұмыстарымыз жайлы, облысымыздың тыныс-тіршілігі мен аймақтағы айтулы жаңалықтарды бөлісіп отырамын. Бұл парақшаны сіздермен тікелей байланыс орнату үшін де таптырмас мүмкіндік деп санаймын» деп жазды облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Фейсбуктегі парақшасында.

Жолдасбек Көшербайұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button