Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі «Chevron» компаниясының басшылығымен кездесті

Atr.kz/2 шілде, 2019 жыл. Кездесуде тараптар 29 маусым күні «Теңіз» кен орнында болған тұрмыстық кикілжіңді талқылады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 2 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Chevron» компаниясының Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыстағы барлау мен өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.

Нұрлан Ноғаев қазір жағдай реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

WhatsApp Image 2019 07 02 at 19.14.56

Тодд Леви өз кезегінде «Chevron» компаниясының саясаты бойынша компанияның барлық қызметкеріне тең дәрежеде құрмет көрсетілетінін, құқықтары мен міндеттері бірдей екенін атап өтті.

— Осындай оқиғаның енді қайталанбауы үшін Теңіз жобасына тартылған барлық мердігер мекемелер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге атсалысқандары үшін ризашылық білдіремін. Алға қарай да өзара байланысымызды табысты жалғастыра беретінімізге сенеміз,- деді Тодд Леви.

WhatsApp Image 2019 07 02 at 19.14.57 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button