Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі қалтасын қампайтып қалуды ойлайтындарды сынға алды

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

«Кейбір жерлерде азық-түлік бағалары өсті» деген шағымдар түсіп жатыр. Сондықтан өзім арнайы шығып, бірнеше сауда орындары мен базарларды араладым. Бір жағы, олардың санитарлық жағдайы мен сақтық шараларын да көріп шықтым.

Халыққа ең қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлар үнемі бақылауымызда. Облыстық тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер қаламыздағы  «Сарайшық», «Дина», «Көктем» мен  «Насиха» сауда орындарының ішінде төмен бағамен сатылуда. Бұдан тыс әр апта сайын қала мен аудандарда жәрмеңкелер өткізілуде.

90442760 122977825967683 2221698062944829440 n

Облыстық тұрақтандыру қорына қосымша қаржы бөлдік. Ол тұрғындарды ең қажетті 12 түрлі азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады» деп жазды парақшасында Атырау облысының әкімі.

Өз постында аймақ басшысы сын сағатта қалта қамын ойлайтындарды сынға алды.

» Расы керек, сын сағатта елдік мүддеден гөрі қалтасын қампайтып қалуды көздейтіндер де жоқ емес. Ірілі-ұсақ бизнес өкілдерінің де азаматтық ұстанымы артып, ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі күшейетіні осы шақ.

Шектен шыққандарға қатаң санкция қолданылатыны үкіметтік деңгейде айтылды. Өтпелі кезеңде елге дұрыс қызмет ету үшін  шағын және орта кәсіпкерлік саласына көп жеңілдік жасалуда» деді Махамбет Досмұхамбетов. 

90435425 122977742634358 3676856974516944896 n
90507790 122977805967685 9106258384750903296 n

«Atr — Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauly%d2%9b-fermerler-koronaviruspen-k%d2%afreske-bir-million-te%d2%a3ge-b%d3%a9lmek/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button