Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысындағы қандастар үшін «Ашық есік күні» өтеді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әділет Департаментімен азаматтарға құқықтық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

«Ашық есік күні» 2-ші маусым күні, сағат 15.00-де облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Оған Әділет департаментімен бірге нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары қатысып, құқықтық кеңестер береді.

-Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 269 бұйрығымен бекітілген «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасы аясында осындай іс-шара ұйымдастырғалы отырмыз. Аталған құқықтық кездесудің негізгі мақсаты Қандастарға кеңінен құқықтық тұрғыда әлеуметтік мәселеліріне қатысты, яғни адвокаттармен белгіленген санаттағы азаматтарға құқықтық тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Өңірімізге көшіп келген барша қандастарды осы жиынға шақырамыз. – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Мәмбетов.

Айта кетейік, «Ашық есік күні» бойынша қосымша сұрақтарға шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің бас маманы Айдын Ахметов жауап береді. Байланыс нөмері: 8 775 192 2255, 87122 32 32 55

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button