Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында жайылымда адасқан ер адам табылды

Атырау облысының Мақат ауданында жоғалған адамды құтқарушылар аман-есен тапты. Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне 4 тамыз күні түнгі уақытта келіп түскен. Хабарламада Мақат елдімекенінен 25 шақырым қашықтағы шаруашылықта жұмыс істейтін 1963 жылы туған адамның қой бағуға шығып, қайта оралмағаны айтылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Түнгі уақытқа қарамастан, мамандар шаруашылық аумағын түгел шолып, шамамен 6 шақырым жерден ер адамды тауып алды. Белгілі болғандай, ол жайылымда жүріп бағытын жоғалтып, адасып кеткен.

Абырой болғанда, ер адамның денсаулығына қауіп төнбеген, медициналық көмекті қажет етпеді.

Құтқарушылар тұрғындарды мал жаю кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұялы телефонды өзімен бірге алып жүруге және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button