Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

Былтыр Атырау облысында өткізілген жаға бекіту жұмыстарының нәтижесінде жалпы ұзындығы 250 шақырым бөгет тұрғызылды. Биыл бұл жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, қазір Жайық өзенінің Алмалы ауылы аумағындағы әлсіз тұсын бірінші кезекте бекемдеу көзделген. Сонымен бірге осы елді мекенді бойлай, «Сарыөзек» каналының жағалауында, сондай-ақ Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Талғайраң ауылындағы сумен жабдықтау және канализация станциясы маңында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек, Талғайраң-2, Ақжар және Бесікті елдімекендері тұсындағы бөгеттерді биіктету және қосымша дамбы тұрғызу шаралары қарастырылған.

Департамент басшылығының мәліметінше, осындай жұмыстар облыстың Индер, Жылыой аудандарында, Атырау қаласына кіретін ауылдар мен елдімекендерде, сондай-ақ өзге де өңірлерде атқарылады. Жасалатын жұмыс көлемі, жұмсалатын қаражат сомасы және қаржыландыру көздері анықталып, пысықталуда.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button