Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысында соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі

Atr.kz/26 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысында соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден қаржылай сыйақы беріледі.

Қазір Атырау облысында 9 соғыс ардагері бар. Оның сегізі Атырау қаласында, біреуі Жылыой ауданында тұрады. Ардагерлердің арасында жасы ең үлкені – Айдын Айбаров. Ол биыл 99 жасқа толады. Майдангерлердің ең кішісі – 95 жаста.

«Жеңістің 75 жылдығына орай 9 ардагердің әрқайсысына 300 мың теңгеден қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, NCOC компаниясының демеушілігімен әр соғыс ардагеріне 750 мың теңгенің сертификаты беріледі. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – бір жыл. Оған ардагерлер көңілі қалаған затын сатып алуына болады», — дейді Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-tegin-%d2%9b%d2%b1%d2%9by%d2%9bty%d2%9b-ke%d2%a3es-beru-nau%d2%9bany-bastaldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button