Жаңалықтар
Атырау облысында Ресеймен шекаралас ауылдың кіреберісіне қақпа орнатылды
Құрманғазы ауданындағы Бөкейхан ауылына кіреберіс тұсына ауыл аты жазылған арка орнатылды.
Бөкейхан ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиевтің айтуынша, аталған арка «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
«Айшықты белгіні орнату үшін 14 млн 500 мың теңге қаржы жұмсалды. Қақпаның эскизін жасап, құрылысын жүргізген «Dauyl Production» ЖК. Олар қақпаны бас-аяғы 12 тәулікте аяқтады. Айта кету керек, эскизін әкелі-балалы атыраулық суретші дизайнерлер Талғат пен Аян Сатмағанбетовтер жасады», — деді Ж.Төреғалиев.
Қақпаның биіктігі — 5 метр 50 см. Ауылға кірер тұсында «Бөкейхан ауылы», ал шыға берісінде «Жолыңыз болсын!» деген жазуы бар.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА