
Жаңалықтар
Атырау облысында найзағай мен бұршақ күтіледі
Бүгін, 19 мамыр күні Атырау облысында ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
“Қазгидромет” таратқан мәліметке сүйенсек, оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күшейіп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Сонымен қатар облыстың батысында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжануда. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ашық от жақпауға кеңес беріледі.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ