Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау облысында коронавирусты анықтайтын 700-ге жуық сынама тест бар

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Сынама топтамалары  қосымша қажет болған жағдайда керекті  мөлшерде тағы   жеткізілетін болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның бар-жоғын тексеретін экспресс-тестілері  шет елден келгендерге және  жергілікті емханаларға жүгінген ЖРВИ белгісі бар адамдарға жүргізілуде.
Инфекцияға  күдікті  коронавирус анықталған адаммен жақын қатынаста болған қала тұрғындарына да сынама тест жүргізіледі.  Дәрігерлер тест нәтижесін 6 сағаттан кейін алады.

Бүгінде  Атырау қаласында облыс орталығының   тұрғындарынан  сынама тест алатын бес вирусология тобы жұмыс істеуде.  Жалпы, аймақта коронавирусты анықтайтын  700 тест бар. Атырау облысына сынақ  топтамалары  қосымша қажет болған жағдайда керекті  мөлшерде тағы жеткізілетін болады.

Еске сала кетелік, Атырауда коронавирус жұқпалы дертіне 4 адам тіркелді.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-t%d3%a9rtinshi-adam-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyrdy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button