
Жаңалықтар
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған 1 қаңтардан бері табылмай жатыр
Құрманғазы ауданында жоғалған адамды іздестіру жұмыстары екінші тәулікте жалғасуда.
Екінші тәулікте Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округінде (Құрманғазы ауданы ТЖБ №7 өрт сөндіру бөлімінен 60 км қашықтықта) 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 1972 ж. т. азамат Т.А.-ны іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары 7 адам, 1 бірлік техника, аудандық полиция бөлімінен 2 адам 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.