Жаңалықтар
Атырау облысында газбен қамтамасыз ету көрсеткіші — 99, 7%
Атырау облысы толыққа жуық газбен қамтылған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.
«Ағымдағы жылы облыстың 8 ауылдық елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған нысандар аяқталғанда облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылу деңгейі 99,8%-і құрайды», деді облыс әкімі.