Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында бизнестегі әйелдерді қолдау өсуде

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін белсенді жағдай жасалуда.

Әйелдер экономиканың түрлі секторларында, әсіресе саудада, білім беруде, сұлулық индустриясында, әлеуметтік бағдарланған жобаларда кәсіпкерлік қызметпен белсенді айналысады.

Мәселен, Атырау облысында биыл 56 мыңға жуық жеке бизнес субъектісі тіркелген, оның 58% — ы, яғни 32 мыңнан астамы әйелдерге тиесілі.

Өткен жылы ғана «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 400 кәсіпкер әйел көмек алды. Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік гранттар бағдарламасы аясында 16 кәсіпкерге қолдау көрсетілді, оның 14 – і әйелдер. Жергілікті бюджеттен «Бизнес-Өңір» өңірлік бағдарламасы бойынша 500 миллион теңге бөлінді, нәтижесінде кәсіпкер әйелдердің 17 жобасы қаржыландырылды.

ДАМУ Қоры арқылы әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау мен дамытудың арнайы бағдарламалары әзірленіп, қаржыландырылады.

Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай емес қолдау ретінде арнайы білім беру бағдарламалары жүргізілуде. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған «Томирис» ақпараттық-білім беру жобасы, кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша «Мен кәсіпкер» бағдарламасы.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын дамыту, қаржыландыруға қол жеткізу, сондай-ақ оқыту мен тәлімгерлік әйелдер үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды және саладағы гендерлік теңдікке қол жеткізудегі прогресті жеделдетеді.

Гүлназ ИМИРОВА,

«Тәрбие» ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button