Атырау облысында биыл тұмауға қарсы 30 мың доза вакцина сатып алынды
Atr.kz/13 қыркүйек, 2019 жыл. 2019 жылы Атырау облысында тұмауға қарсы 61 мың дозадан астам вакцинаға тапсырыс беріліп, соның 30 мыңы сатып алынды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 55 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді.
— Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері бар. 3-5 күннен астам уақыт дене қызуы 38-40С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы, аяқ-қолдың тартылуы секілді белгілері бар. Тұмаудың алдын алудың тиімді әдісі вакцинация болып табылады, — дейді Амантай Жұмағалиев.
«Atr — Ақпарат»