Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысында биыл 4000 мыңға жуық бозбала әскери есепке алынады

«Атырау облысының жергілікті әскери басқармасында биыл 17 жасқа толатын ер азаматтарды алғашқы әскери есепке алу басталды» деп хабарлайды Atr.kz

Науқан барысында биылғы жылы 4 мыңға жуық жас жігіттер тіркеу куәлігін алатын болады.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Іс-шара жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейін, мамандығы мен дене дайындығын зерделеу үшін қажет.

«Егер әскери есепке алушының денсаулығы бойынша күдіктер мен сырқаттар анықталса, ол емдеу-профилактикалық орындарына жіберіледі.

Бозбалалар шақыру пункттеріне оқу орындарының алғашқы әскери дайындық мұғалімдерінің сүйемелдеуімен келеді.

Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін есепке алу пунктіне тіркеу туралы куәлік беріледі» делінген ҚР Қорғаныс министрлігі Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

e98a4549

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button