Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында бір тәулікте 98 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 98 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 69 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында — 6 жағдай, Индер ауданында — 2, Исатай ауданында — 3 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында — 7, Құрманғазы ауданында — 5, Мақат ауданында- 2, Махамбет ауданында — 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 49 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 49 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 458 адам емделді.

Қазір 2 500 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 137, екінші облыстық ауруханада – 126 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 64,
аудандық инфекциялық стационарларда — 104. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 87 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button