Атырау облысында бір тәулікте 430 адам Covid-19 жұқтырған
Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 430 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 220 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 49 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 92 науқас, Индер ауданында — 5, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында — 14, Құрманғазы ауданында — 18, Мақат ауданында — 10, Махамбет ауданында — 12адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 295 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 135 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 267 адам емделді.
Қазір 3896адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 202, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 80, кардиоорталықта — 109, т/ж ауруханасында — 89 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 377. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 267 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.