Атырау облысында бір тәулікте 424 адам Covid-19 жұқтырған
Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 424 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 257 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 24 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 67 науқас, Индер ауданында — 10, Исатайда- 16, Қызылқоға ауданында — 14, Құрманғазы ауданында — 14, Мақат ауданында — 10, Махамбет ауданында — 12адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 288 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 136 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 245 адам емделді.
Қазір 4045 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 79, кардиоорталықта — 108, т/ж ауруханасында — 99 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 371. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 267 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.