Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атырау облысында балықтардың жаппай қырылу себебі белгілі болды

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Жылыой ауданындағы «Соленый» көліне құятын арнада балықтың жаппай қырылғаны белгілі болды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушкановтың айтуынша, қаңтар айының 2-сінде мекемеге осындай мәлімет келіп түскен. Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы дерек туралы жұмыс тобының барлық мүшелері (Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы, Атырау облысы бойынша экология департаменті, Жылыой ауданының прокуратурасы және жергілікті атқарушы органдар) жедел түрде хабардар етілді.

– Тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде оның мөңке балығы екені анықталды. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, алдымен өлген балықтарды жинау, соңынан жою шаралары қолға алынды. Балықтың қырылу ошағынан зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалары алынса, осы тәріздес шараны (судан сынама алу) Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары да жүзеге асырды.  Осылайша, сейсенбі күнгі кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша жиналған өлі балықтың салмағы 441 килоны құрады. Мұндай жұмыстар кеше де жүргізілді, — деді инспекция өкілі.

Маманның түсіндіруінше, балықтың қырылуына судағы оттегінің жетіспеушілігі және температураның төмендеуі кезінде арнада мұз қатуы себепші болған. Құзырлы мемлекеттік құрылымнан алынған ресми деректерге сүйенсек, көктемгі су тасқыны кезінде Құлсары қаласын тасқын судың  басуына жол бермеу немесе төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында  судың артық жинақталған көлемі балық өлген канал арқылы «Соленый» көліне жіберілген. Арнаның жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайды. Осыған дейін мұнда балықты құтқару жұмыстары жүргізілмеген.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button