Жарнама
ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Атырау облысында 7385 шаршы метр асфальтбетон жамылғысы қайта төселді 

Биыл Атырау облысы аумағындағы автокөлік жолдарында анықталған ақаулықтар және ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмейтін жол құрылыс материалдарын сапалы материалдарға ауыстырып, қайта салуды мердігер мекемелер өз есебінен жүргізген. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім бастығы Нұрлан Жантурин мәлім етті.

img 3578

Филиал инженерлері құрылысы жүріп жатқан және кепілдік мерзімде тұрған жолдарды тексеру барысында бірнеше ақау анықтаған. Сапасыз салынған жолдар мен ҚР мемлекеттік стандарт талаптарына сай келмейтін жол құрылысына қажетті материалдарды жарамсыз деп тауып, мердігерлер мен тапсырыс берушілерден қайта қалпына келтіруді талап еткен. 

img 3577

— ҚР Мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмейтін жол құрылыс материалдарын сапалы материалдарға ауыстырып, жалпы көлемі 121 мың шаршы метр жолдың бетіне өңдеу жұмыстары жүргізілді. 7385 шаршы метр асфальтбетон жамылғысы қайта салынды. Сонымен қатар, 10 текше метр темірбетонды конструкция, 1167 дана көпір құрылымы, 2571 тонна инертті материал жаңартылды. Бұған мердігер мекемелердің өз есебінен жалпы құны 418 млн. 544 теңге жұмсалды,- деді Н.Жантурин. 

Оның айтуынша, жыл бойы Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  басқармасына 13 мәрте хат жазылған. Оның үшеуі бойынша техникалық қадағалаушыларға айыппұл салынып, 1 техникалық қадағалаушының жарты жылға аттестаты тоқтатылған. Ал, 9 хатқа теріс жауап алынып, 1 хат жауапсыз қалған.

Айта кетейік, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы инженерлері жыл басынан бері облыс аумағындағы 95 нысанға 524 рет шығып, жол сапасын тексерген. Нәтижесінде 260 ақау анықтаған. Жол құрылысына пайдаланылған материалдардан алынған 2229 сынаманы филиал зертханасында тексеріп, 717 сынама ҚР Мемлекеттік стандарты бойынша талаптарға сәйкес еместігін анықтаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button