
Жаңалықтар
Атырау облысында 721 педагог «Спутник V» вакцинасын алды
9-15 наурыз аралығында өңірдің 1095-тен астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атырау облысында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жалғасуда. 9-15 наурыз аралығында 1095 адам вакцинацияланды.
— Оның ішінде 721 педагог, 344 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші және бір полиция қызметкері бар, — деп нақтылады баспасөз қызметінен.