Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшы тағайындалды

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының лауазымына Әлібек Максимұлы Мұханбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев таныстырып, абыройлы қызмет  тіледі.

img 9913

Әлібек Мұханбеталиев 1984 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлеккеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. 

Еңбек өтілі:

Алғашқы еңбек жолын 2003  жылы бизнес саласында бастап, 2007 жылға дейін қызмет атқарды.

2007-2020  жылдар аралығында бюджеттік мекемелерде басшы лауазымдарда жұмыс істеген.

08.2020 – 02.2021 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары;

03.2021 – 05.2023 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы;

05.2023 жылдан тағайындалғанға дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметінде болды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button