Жарнама
ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайы

Атырау облысы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша көшбасшы

Атырау облысы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу қарқыны бойынша республикалық деңгейде алдыңғы орында, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инноваиялық даму басқармасы басшысының м.а. Қаныш Мәмбетов мәлімдеді.

Республикалық көлем бойынша облыс бірінші орында (23%). Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 53% құрайды, соның ішінде бұл көрсеткіштің 92,3% мұнай өндіру өнеркәсібімен байланысты олып отыр. Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта облыстың әлеуеті мұнай-газ өнеркәсібінің дамуымен анықталады.

  • Кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және өндіріс қуатын арттыру мақсатында әкімдік тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне ай сайын мониторинг жүргізіледі, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен және отандық өндірушілермен меморандум жасалды, – деді басқарма басшысы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Атырау облысында 22 ірі, 18 орта және 534 кіші кәсіпорын жұмыс жасайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button