Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының лауазымына Нариман Биғали тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Нариман Биғали Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «тарих» мамандығын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «құқық» мамандығын, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру»  мамандығын тәмамдаған.

Еңбек өтілі: 

11.2011 — 01.2014 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облысы бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясының автомобиль көлігі бөлімінің бас маманы;

03.2014 — 04.2018 жылдар аралығында «Нуркапстройгаз» ЖШС -нің директоры;

10.2018 — 09.2020 жылдар аралығында Атырау облысы Құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің бас маманы;

10.2020 — 04.2021 жылдар аралығында Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы;

04.2021 — 04.2022 жылдар аралығында Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;

Тағайындалғанға дейін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button