Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы мемлекеттік архивінде «Ашық есік» күні өтті

Архив – өскелең ұрпақ үшін маңызды тарихи оқиғаларды, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қызметін зерделеу, өлке тарихын танытар – тартылыс орталығына айналуға тиіс. Бұл туралы Атырау облысы мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба асында ұйымдастырылған іс-шарада атап айтылды.

-«Ашық есік» күнін өткізудің басты мақсаты — тек архивті насихаттау ғана емес, мектеп оқушыларына мәдени-рухани демалыс сыйлау, өскелең ұрпақты патриотизмге, туған жердің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген ұлттық сана қалыптастыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, 1700-1800 жылдардағы тарихына қатысты шетел архивтері, 1921-1922 жылдары болған ашаршылық,1928 жылы ірі байлардың шаруашылықтарын кәмпескелеу, 1928 жылдағы репрессия, Батыс Алашордашылар туралы құнды деректерді жинақтап, экскурсия барысында түсіндіру. Жобаның негізгі идеясы еліміздің мемлектттік архивтерінде түрлі жастағы балаларды кеңінен қамтитын іс-шаралар кешенін өткізу. Бұл күні еліміздің мемлекттік архивтерінің есігі мектеп оқушылары, колледждер, студенттер үшін ашық болады, — дейді Атырау облысы мемлектеттік архивінің бөлім басшысы Раиса Тастемірова.

«Ашық есік» күнінде сала мамандары «Архив ісінің маңызы» атты тақырыптық сабақ өткізіп, қызметтің түрлі бағыттары бойынша бөлім жұмысын, құжат сақтау қоймаларын таныстырды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button