Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Atr.kz/20 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау облысы әкімі Н. Ноғаевтың төрағалығымен «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі.

Мақсаты – бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын жақсарту.

Өткізу нысаны  бақылау және қадағалау органдарының олардың мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша өткізілетін кездесу.

Өткізу күні – 2019 жылғы 30 қыркүйек, сағат 10.00. (Атырау қаласы Сәтпаев көшесі, 15б «Ренессанс» қонақ үйі)

Қатысушылар:

  1. Мемлекеттік органдардан – бақылау және қадағалау  органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)   Атырау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Атырау облысының прокуратура органдарының өкілдері;
  2. Бизнес-қоғамдастықтан – бизнес-қоғам өкілдері, облыстағы кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының өкілдері, Атырау қаласы және аудан кәсіпкерлері;

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button