Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

Кездесуде Жасұлан Бисембиев Атырау мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстың дамып келе жатқандығын айтып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Бұдан кейін тараптар қазақ-америка әріптестігінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Екіжақты кездесуде сауда-экономикалық қатынас пен туризмді, сондай-ақ ауылшаруашылығын дамыту, «Сарайшық» сапар орталығының жұмысы секілді мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысының АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 50,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт — 436,9 мың АҚШ доллары, импорт — 49,6 млн АҚШ доллары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button