Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

img 0925
Screenshot

Дарын Дүйсембайұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша,  Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы, Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ 04.2021- 09.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Ал жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button