Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атырау облысы әкімінің грантын сексенге жуық жас иеленді

Atr.kz/25 тамыз, 2020 жыл. Кеше, 24 тамыз күні Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Оның шешімімен жаңа оқу жылында атыраулық 78 түлек облыс әкімінің гранты бойынша тегін білім алады, деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста облыс әкімі грантына өтініш берген үміткерлер тізімі қаралды. 

Бақытгүл Хаменованың айтуынша,  білім беру гранттары жергілікті жердегі кадрлардың тапшылығын шешу мақсатында облыстық бюджет есебінен білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша бөлініп отыр. Биыл конкурсқа қатысуға 132 талапкер өтініш берген.

whatsapp image 2020 08 25 at 10.33.47 2
  •  Әкім грантын иеленген түлектердің дені – болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер.  Атап айтқанда,  облыс әкімінің грантын жеңіп алған 78  түлектің 27-сі   М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне түссе, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алуға 3 жас грант ұтып алды.

Бұдан бөлек, 4 түлек М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, 6  түлек  «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде, 1 түлек Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақсан аграрлық-техникалық университетінде, 1 жас Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында  білім алатын болады. Ал, 36 жас Атырау Мемлекеттік университетіне  оқуға түсті. 

Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімін төмендегі сілтеме бойынша өтіп көруге болады:  

http://atyrau.gov.kz/news/read/Spisok_obladatelej_mestnogo_obrazovatelnogo_granta_akima_Atyrauskoj_oblasti_v_20202021_uchebnom_godu.html

whatsapp image 2020 08 25 at 10.33.47

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button