Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Айдулат Жанатұлы Кенжебеков тағайындалды.
Айдулат Кенжебеков Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
11.2008 – 12.2008 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы;
12.2008 — 10.2010 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы;
10.2010 — 03.2011 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бастығы;
03.2011 — 12.2011 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;
12.2011 — 05.2013 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;
05.2013 — 04.2019 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;
04.2019 жылдан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.