Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырау облыстық ауруханасы күрделі операциялар жасауға дайындалуда

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Атырау облыстық ауруханасы тамыздың ортасында күрделі оталарды жасауды бастағалы отыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев мәлім етті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған ауруханада инфекциялық орындар саны азайтылып, жоспарлы емдеу шараларын жүргізуге дайындалуда. Қазір ауруханада «таза аймақ» жасақталып жатыр.

«Жақында хирургиялық, неврологиялық, сондай-ақ, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдей бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі операциялар жасауды жоспарлап отырмыз», — дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Оның айтуынша, аурухана шілде айының басынан бері ​ 400 орындық инфекциялық стационарға бейімделген еді. Қазір мұнда қауіпті індет жұқтырып түскен науқастардың саны азайған.

«Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке жуық науқасты қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 керуетке ​жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз», — деді Ербол Иманғалиев.

Аталған​ инсульттік, зақым-жарақат бөлімшелері індет тарап жатқан кезде де жұмысын тоқтатпай, науқастарды үзіліссіз қабылдап отыр.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button