ЖаңалықтарЭкономика
Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тікелей байланысқа шығады
Atr.kz/6-наурыз. 2019 жыл. Бүгін сағат 17:00 де жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұртаев Қайрат Талапұлы тікелей эфир арқылы есеп береді.
Басқарманың ағымдағы жылға қойған даму жоспары қандай? Тұрғындарды толғандыратын басқарманың өзекті мәселелері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алғыңыз келсе және өзіңіздің қояр сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болатын болса, тікелей эфирге қосылып жолдауларыңызға болады.
Айта кетейік, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беретін болады.