Жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан не түтін?
Бүгін әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан будақтаған түтіннің суреті таралып, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды.
Аталған жағдайға байланысты зауыт өкілдері ресми түсінік берді. Олардың айтуынша, суретте каталитикалық крекинг қондырғысында түтін газдарының ластаушы заттардан тазартылуын қамтамасыз ететін Belco секциясының скрубберінен шыққан су буы көрсетілген.
“Бұл будақтаған түтін емес, пайда болған «бұлт» тек су буы. Оның қоршаған ортаға немесе тұрғындардың денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр,” — деп мәлімдеді зауыт өкілдері.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА