Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Атырау мұнай өңдеу зауыты операциялық шығындарды 67 млн. теңгеге қысқартты

Atr.kz/24 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа жобаларға жол ашып отыр. Осының нәтижесінде жыл басынан бері 70 млн. теңгеге жуық қаражат үнемделді. Бұл Spiral өндірісінің желілік бағдарламалау жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның сандық трансформациясы бағдарламасы аясында Атырау МӨЗ-де өндірісті оңтайландыру жүйесі енгізілген. Осылайша, ежелгі кәсіпорын операциялық шығындарды 67 млн. теңгеге қысқартыпты. Мұндай нәтижеге қоспаларды, катализаторлар мен реагенттерді тұтынуды о ң т а й л а н д ы р у д ы ң арқасында қол жеткен көрінеді. Бұдан басқа зауыттағы шығындар 1,5 пайызға қысқарыпты. «Spiral-ды енгізгенге дейін зауыттағы өндірістік жоспарлар Excel-де барлық нарықтық және технологиялық факторларды ескермей есептелген еді. Яғни ол икемді болмады. Бұл жүйе жоспарлаудың ж о ғ а р ы д ә л д і г і н қамтамасыз етеді. Spiral Plan мұнай өнімдерінің тиеу, шығу көлемдерін, қоспаларды, катализаторлар мен реагенттерді тұтынуды әрбір нақты уақыт сәтінде ескереді. Бұл үнемі жаңартылып отыратын деректердің үлкен көлемін талдайды және жоспардың оңтайлы нұсқасын есептейді. Осының арқасында процестер үшін қажетті материалдарды артық шығындаудан құтылу мүмкін болды. Бұл ретте жүйе «Қазмұнайгаздың» мамандары үшін жоспарларға қол жеткізуге, ҚМГ мен зауытқа нарық жағдайына барынша нақты ден қоюға мүмкіндік береді» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 Атырау мұнай өңдеу зауытында бұдан бұрын MES өндірістік процестерді басқару, IBM MAXIMO техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқару,    инспекцияларды басқару және Meridium APM сенімділігін қамтамасыз ету жүйелері енгізілген болатын. Бұл процестерді автоматтандыру және цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. «Сондай-ақ, А М Ө З — де Bailanys телекоммуникациялық желілерін жаңғырту жобасы қолға алынған. Оның шеңберінде зауытта деректерді және дауыстық трафикті беруді оңтайландыруға, ресурстарды бөлуге және кәсіпорынның түрлі ресурстарына бірлескен қолжетімділікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін  бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылатын болады» деген ақпарат таратты зауыттың баспасөз қызметі.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button