Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырау мектептерінде жаңа жоба жүзеге аспақ

Биыл Атырау мектептерінде «Цифрлық ұстаз» жобасы қолға  алынадыдеп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау қаласындағы Н.Балғымбаев атындағы N42 жалпы білім беретін мектепте  директорлардың қатысумен өткен жиында айтылды.

Аталған жоба аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында қолға алынған. Облыста мұндай қолдауды қажет ететін 1061 оқушы бар. 

27a23f54 bae7 4d16 a86e 39373ef6754e

— Бүгінде бірқатар ата-ана балаларын ақылы қосымша білім беру сабақтарына береді. Мұны белгілі бір санатқа жататын отбасылардың әлеуметтік жағдайы көтере бермейді. Сондықтан жаңа жобаның негізгі көздеген ұстанымы да осындай жанұялардағы оқушылардың білім деңгейін арттыру.  Білімінде төмен нәтиже бар балалар осы жобадан тыс қалмауы тиіс. Сонымен қатар мектептерде директорлардың цифрландыру жұмыстары бойынша орынбасары жаңа штаты енгізіледі, — деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Молдашқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button