
БілімЖаңалықтар
Атырау мектептері 20 тамызға дейін оқулықтармен толық қамтылмақ
Atr.kz/13 тамыз, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов брифинг барысында мəлімдеді.
«Қазіргі кезде баспалардан оқулықтар кестеге сәйкес алынып жатыр. Ағымдағы жылы тамыз айының 20-на дейін білім беру ұйымдары оқулықтармен толық қамтылады» — деді облыс әкімі.
Айта кетелік, жаңа оқу жылы қарсаңында Атырауда оқулық сатып алу үшін жалпы саны 19 баспамен арада 110 келісім-шарт жасалды.
«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»