
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырау көшелері уақытша жабылады
Atr.kz/20 тамыз, 2019 жыл. 24 тамыз күні Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен Атырау қаласында велошеру өтеді.
Осыған орай, аталған күні сағат 9.30-11.00 аралығында Ш.Уәлиханов – Махамбет – Бейбарыс даңғылы (Алиев) – Баймұханов көшелерінің бойы уақытша жабылады.
«Atr-Ақпарат»