
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам
Атырау қаласының орталық көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылмақ (+ВИДЕО)
Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл. Атырауда 1 мамыр күні жаппай велошеру өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай, сағат 16.30-18.00 аралығында орталық көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Атап айтқанда:
- Абай даңғылы: М.Өтемісұлынан Канцев көшелеріне дейін;
- М.Өтемісұлы көшесі: Абай мен Азаттық көшесінің қиылысына дейін;
- Азаттық даңғылы: М.Өтемісұлы көшесіне қосылар тұстан Әуезов көшесіне дейін;
- Әуезов көшесі: Әрі қарай автокөлік жолы, Ғұмаровтан Құрманғазы көшелеріне дейін;
- Сәтбаев даңғылы: Жол айрығынан орталық көпірге дейін.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ