Жаңалықтар
«Атырау-Индер-Орал» тас жолының учаскесі уақытша жабылады
Су басу қаупіне байланысты Индербор кенті арқылы өтетін ұзындығы 7 шақырым «Атырау-Орал» тас жолының учаскесі жабылады. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Орал қаласына баратын автокөлік жүргізушілері «Атырау-Махамбет» тас жолынан өте алады.
Су деңгейі төмендегеннен кейін жол автокөлік қозғалысы үшін қайта ашылады.
Қазір Индербордың кірмежолында құзырлы органдар тарапынан жолды жабу жұмыстары жүргізілуде.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА