Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

«Атырау» газетінің оқырманы Аралтөбе бөгетін салуды ұсынды

Облыстық «Атырау» газетінде былтырдан бері «ОйылҚиыл-Жем-Сағыз» атты жаңа жоба ашылып, онда ңірдегі шағын зендерге қатысты қордаланған мәселелер ктеріліп келеді. Құлсары қаласындағы Ембі электр желілері мекемесінде ұзақ жылдар бас инженер болып жұмыс жасаған мен үшін бұл те құптарлық іс.

Жұмыс бабымен талай мəрте Қамыскөлге Жем өзенінен су толтыру мəселесімен айналыстым. Құлсары орталық электр стансасы үшін 1946 жылы Жем өзенінің бойындағы Бақашы деген жерден Құр Жем өзегіне шлюз (бөгет) салынып, Қамыскөл ойпаңын сəуір-мамыр айларында өр суымен толтыра бастады, соңынан осы жерде үлкен көл пайда болды. Көл жобада қаралған көлеміне толғаннан кейін Дияр ата зиратының қасындағы бөгетті ашып, табиғи арнасымен Сарқырауыққа қарай аққан. 1980-1981 жəне 1993-1995 жылдары Жем өзені қатты тасыды. Бірақ одан кейін жазғытұрым келетін тасқын судың мөлшері азайып, арнаны шайып өтуден əріге аспай қалды.

Осыған байланысты Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Сəрсенбай Еңсегеновке электронды пошта арқылы өз ойымды ұсыныс ретінде жолдағанмын. Бірақ пандемияға жəне оның депутаттық мерзімінің аяқталуына байланысты нəтиже болмай қалды. Əу баста Жемнің суы аса мол болмаған. Көктемде тасып, екпінімен жолындағы көлдер мен сорларды ғана толтырып, Каспий теңізіне барып құятын. Ол кезде теңіз жақын, өр суы қайтқан соң су үзіліп, кейбір жерлері кеуіп қалатын.

Менің ұсынысым – кезінде құрылысы басталып, артынан тоқтап қалған Аралтөбе плотинасын (бөгетін) салу. Плотинаны сумен толтыру үшін əуелі жыл сайын сəуір-мамыр айларында небəрі 15-20 күн келетін тасқын суды жинау керек. Теңізге құяр сағасынан 152 шақырым жердегі бақылау бекетінің мəліметіне қарағанда, Жемнің Ақмешітке қарай орташа ағысы секундына 17,5 текше метр, кейбір жылдары секундына 1240 текше метрге дейін жеткен. Демек орташа есеппен су тасқынының көлемі жылына 23 млн. текше метр, ал су көп болған жылдары 1,5 млрд. текше метрге дейін көбейген.

Алайда, суды реттейтін арнайы жүйе болмағандықтан, өзен кейбір тұста құм басқан арнасынан асып, тарам-тарам өзектермен жолшыбай ойпаң-шабындықтар, көптеген көлсорлардың шөлін қандырғанмен, теңізге жетпей үзіліп қала береді екен. Егер осы ылғалдың жартысын плотинада жинасақ, бес жылда оның көлемін 57 млн. текше метрге жеткізудің мүмкіндігі бар. Ал, шамамен жаңағы судың тең жартысы келгеннің өзінде 12 млн. текше метр су жиналады.

Қамыскөл көлін толтыруға соның кемінде тең жартысын шығындап, қалғанын басқа шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болады деп есептеймін. Бұл – құрғақшылық жылдарға арналған болжам. Дегенмен, бұл да аздық етуі ықтимал. Сондықтан, плотинаны жобалық көлемге дейін сумен толтыру үшін ең тиімді тəсілді ұсынсам артық болмас. Көзіқарақты жан жақсы біледі, Қостанай облысындағы Тобыл өзені Есілмен қосылып, одан əрі Ресей жерінде Ертіс өзенімен қосылады. Тобылдың жалпы ұзындығы – 1591 шақырым. Өзеннің жоғарғы бөлігінде ағыс орташа есеппен 26,2 текше метр/сек, ал төменгі сағасында 805 текше метр/сек. Бойында Лисаковск мен Рудныйдағы екі үлкен су қоймасы бар. Егер Рудный су қоймасынан тікелей Жем өзені бойындағы бұрынғы Аралтөбе плотинасына үлкен диаметрлі (көлденең қимасы) құбыр тартылса, ұзындығы шамамен 980 шақырым болады екен. Бірақ ашық су арнасы тиімсіз болар еді, себебі су жерге сіңеді жəне буланады.

Көп зиян келтірмеу үшін осы құбырмен 3 текше метр/ секунд су алсақ, жылына 151,2 млн. текше метр су Аралтөбе қоймасы арқылы Жемге құйылады екен. Мұндай көп суды Аралтөбеге жинасақ бес жылда 750 млн. текше метрге жетеді. Бұдан бөлек жыл сайын 12-23 млн. текше метр өр суын есептеңіз. Бұл жердегі қорқыныш – Ақмешіт мемориалдық кешенін су басып кету қаупінен қорғау керек. Сонда су Жем бойында салынатын көптеген шлюздер арқылы ағып, 150 км жердегі Каспийге жетеді деген болжам бар.

Ал, Кеңес дəуірінде салынған «АстраханМаңғыстау» су құбырының ұзындығы – 1080 шақырым. Осы құбырмен келетін суды қазір 500 мың адам, жол бойында орналасқан ауыл шаруашылығы субъектілері бау-бақша мен мал суаруға жəне өндіріс орындары өз мақсаттарына пайдаланып отыр.

Егер «Рудный-Аралтөбе» су құбыры жобасы мақұлданбаса, шамамен 60-70 шақырым жердегі Жаңасу жерасты су бассейнін кəдеге асырған жөн. Өйткені, 1982-1985 жылдары Гурьев гидрогеологиялық экспедициясы іздестіріп, тапқан Жаңасудан 16 ұңғы қазылды, дəл қазір мұндағы 6 ұңғыдан ғана артезиан суы ағып тұр. Мұны «Атыраугидрогеология» ЖШС анықтады.

Суы – минералды, ішуге жарамды. Ұңғылардың əрқайсысы шаруашылықтарға секундына 40-52 литрден су беріп тұр. Спутниктен түсірілген картада ұңғылардан аққан су жиналып, кішігірім көл болыпты. Демек осы жерден-ақ жылына шамамен 16 ұңғыдан тұрақты түрде 16 млн. текше метр су алуға болады. Бұған да жылма-жыл табиғи жолмен жиналатын 23 млн. текше метр суды қосыңыз. Яғни бұл да аз ылғал емес, бес жылда шамамен 195 млн. текше метрге жетеді екен. Аралтөбе плотинасы қайтадан қолға алынса, үлкен көл пайда боларына күмəн жоқ. Сондықтан, Жаңасудан Аралтөбеге құбырмен су əкелу аса қиындық туғыза қоймас.

Қалай десек те, Жемнің бойында Аралтөбе су қоймасын салу жəне оны сумен толтыру – өзекті, кезек күттірмейтін мəселе. Ал, қаржы мəселесін осы өңірден «қара алтын» селін ағызып жатқан ірі инвесторлар мен басқа да отандық кəсіпорындардың демеушілігімен шешуге əбден негіз бар.

Егер осы суландыру жобасы іске асса, шамамен 1400 шаршы шақырым аумақты суландырып, көгалдандыруға болар еді. Тіпті, Каспийдегі бағалы балық қоры Жем өзені арқылы жоғары көтеріліп, өнеркəсіптік балық шаруашылығын өркендетуге жол ашылмақ. Төрт түлік үшін суармалы шөп өсіп, халық бау-бақша мен егістік алқаптарын, тауарлы ет-сүт фермалары, кəсіпкерлік жəне экотуризмді дамытады, мұның бəрі – еңбектің көзі. Ең өзектісі, өңірдің экологиялық ахуалы жақсарады.

Дүйсен ЕРЖАНОВ,

Жылыой ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан энергетика қауымдастығының ардагер-энергетигі. Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button