Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!Жаңалықтар

«Атырау» газетіне жазылыңыз да, ұтыс ойынына қатысыңыз!

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Облыстық «Атырау» газетіне жазылу жөніндегі ел ағаларының бастамасы қызылқоғалықтар тарапынан да қолдауға ие болуда.

Мен де бір көшенің бойында тұратын он бес шақты үйді, оған қоса, әлеуметтік осал топқа жататын ауылдастарымды, барлығы 20-дан астам отбасын облыстық «Атырау» газетіне жаздырып келемін. Сол дәстүрден жаңылмай, келер жылы да олардың газетсіз қалмауына жәрдемдесемін.

Тұрлан БЕКЕШОВ,

жеке кәсіпкер,

Қызылқоға ауданы

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы

И.БАЛМАҒАМБЕТОВКЕ

Мақат ауданындағы О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің ұстаздар ұжымы облыстық басылымда жарияланған материалдардың мазмұны мен құндылығын ескере отырып, газетке жазылу науқанында жыл сайын белсенділік танытып, жаздырып алушылар қатарын көбейтіп келеді.

Доссор кентіндегі орыс тілінде оқытылатын бұл мектептегі 45 мұғалімнің 35-і жаңа жылдан бастап аймақ айнасы – «Атырау» газетіне жазыламыз деген ұйғарымға келіп отыр.

Айжан САПАҚОВА,

О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы,

Мақат ауданы

***

Атырау облысы соттарының күнделікті тыныс-тіршілігі, соттардағы ең соңғы жаңалықтар, кадрлық өзгерістер, сот тәжірибелерінің озық үлгілері ең алдымен «Атырау» газетінің беттерінен көрініс табады.

Газет нөмірінің маңдайшасындағы «Атырауды тану «Атыраудан» басталады» деген сөз дәл тауып айтылса керек. «Атырау» газеті қай кезде де судьялардың еңбектерін жүйелі түрде жариялап отыруға мүмкіндік туғызып келеді. Ол үшін сізге және сіз басқаратын ұжымға зор ілтипатымызды білдіреміз.

«Атырау» газетінің 2020 жылға жазылу науқанына облыстың судьялары белсенді қатысып жатқанын нық сеніммен айта аламын. Ғасырға жуық уақыт үздіксіз ақпарат таратып келе жатқан газет ұжымына шығармашылық толайым табыстар тілеймін!

Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ,

облыстық соттың төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button