Атырау гарнизонында жауынгерлік даярлық қарқынды жүргізілуде
Атырау гарнизонында қарқынды жауынгерлік дайындық жұмыстары барысында «Қаработан» полигонында 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері атыс жүргізеді.
Әскери бөлімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлік дайындық бағдарламасына сәйкес, қазір қарулы күштерде жазғы оқу кезеңі өтуде. Бұл жұмыс мамандық бойынша дайындықтан басталды. Осы дайындық кезеңінде әскери қызметшілер өздерінің білімдері мен дағдыларын жеке-жеке үйренеді және жетілдіреді. Осы кезеңде әртүрлі жағдайларда штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамалары, саптық және атыс дайындығы зерделенеді.
–Жауынгерлік ату – бұл тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түрі. Бұл арқылы әскери қызметшілер қазіргі заманғы жалпы әскери ұрысты жүргізу дағдыларын пысықтайды. Шағын топтарда, қорғаныста, шабуылда және жергілікті жерді барлау жүргізу барысында әрекет етеді, сабақтардың 30%-ы түнгі жағдайларда өткізіледі. Жауынгерлік атыстарды орындау кезінде бөлім командирінің жұмысын оның қол астындағы жеке құрамға тез, дұрыс және нақты бұйрық беру қабілетіне қарай бағалау қажет. Біздің бөлімнің жеке құрамы қойылған кез келген жауынгерлік тапсырманы орындауға дайын, – деді 41433 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық бөлімінің аға офицері майор Алтынбек Ихласов.
Бөлімшелердің үйлесімділігі тактикалық тапсырмаларды орындау кезінде тексеріледі. Командирлер жеке құрамды, бөлімшенің қимылдарын басқаруда тәжірибе жинақтайды, ал әскери қызметшілер бөлімше құрамындағы міндеттерді орындау арқылы дағдыларды бекітеді. Атыс үшін жалпы баға екі компонент бойынша шығарылады: тактикалық, арнайы әрекеттер және атыс зақымдануының нәтижелері үшін.
Бөлімшелердің жауынгерлік атыстарынан кейін топ командирі сержанттар мен жеке құрамның іс-қимылдарын талдайды. Дайындықтың келесі кезеңі взводтарды жауынгерлік үйлестіру болады. Мұнда взводтың құрамына кіретін бірнеше бөлімшенің үйлесімді жұмысы маңызды болады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА