Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырау дәріханаларында дәрілердің шекті бағасы көрсетілген ақпарат ілінді

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының дәріханаларында дәрі-дәрмектің шекті бағасы көрсетілген ақпарат қағаздары ілінді.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін арнайы афишаларды орналастыра бастады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек бағалары көрсетілген ақпараттық материалдар өңірдегі барлық дәріханаға таратылып жатыр.

«Плакаттарда парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, ингавирин, антигриппин, аспирин кардио сынды препараттардың 5 түрі көрсетілген. Дәрі-дәрмектер атауларының жанында бағалары мен өндіруші көрсетілген.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесіне сілтеме жасай отырып, QR-код орналастырылған. Өйткені, дәріханадағы белгілі бір препараттың шекті бағасын білу үшін плакаттарда көрсетілген QR-кодты енгізу жеткілікті болады.

2008191321279436g
200819132124118e

Сондай-ақ, департамент күн сайын «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің бағасына қоғамдық мониторинг жүргізуде» — деп хабарлады облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.

Сондай-ақ ақпарат парақшаларында баға негізсіз көтерілген жағдайда шағымдануға болатын телефон нөмірлері көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, облыста ақпараттық бетшелерді орналастыру өткен аптадан басталған. Еске сала кетелік, Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button