АТЫРАУ АВТОПАРКІ ЖАҢА ОТЫЗ АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ
Atr.kz/7-наурыз. 2019 жыл. Ағымдағы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тағы 100 бірлік қоғамдық көлік әкелу жоспарлануда.
«Аnkai» компаниясы өндірген 30 жаңа автобус Атырауға жақын күндері келді, олар «ТШО» ЖШС демеушілік қолдауымен алынды. Жаңа автобустың сыйымдылығы 24 отыратын және 75 тұрып тұруға арналған орынды құрайды, одан бөлек олар кондиционер және бейне камералармен жабдықталған. Бір автобустың жалпы ұзындығы — 10,5 метр.
Жоспарланған қоғамдық көлік «Ақ Жайық — Автопарк» жаңа автобус паркін толықтырады.
Өткен жылы құрылған «Атырау-Автопарк» 26 қалалық маршруттың 8-ін қамтиды. Жаңа автопарк те осындай осындай көлемдегі бағыттарды қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, жоба бастамашылары қоғамдық көлік тасымалы саласында жаңа кәсіпорын ашу- ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартатынына сенімді.
Айта кетейік, 30 автобус мүгедектер үшін пандустармен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 100 жаңа «Ankai» автобустарын сатып алу жоспарланып отыр.