Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ тұрғындарын не толғандырады?

ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІН БЕРГЕН АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ НҰРЛАН ҚАЛМЫРЗИН СӨЗІН ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАН БАСТАДЫ. ОНЫҢ АЙТУЫНША, БЫЛТЫР МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК РЕТІНДЕ 25 ОТБАСЫНДАҒЫ 144 АДАМҒА 8356 МЫҢ ТЕҢГЕ ТӨЛЕНГЕН.

Жұмыс сұрап келген 78 адамның 21-і тұрақты, 52-сі ақылы қоғамдық және 5-еуі әлеуметтік жұмысқа орналастырылды. «Бизнес бастау» жобасы аясында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 7 адам оқып, арнайы сертификат алған. Ал, 15 адам кәсіби даярлық курсынан өтіп, 11 адамға 6 млн. 417 мың теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Тағдыртау қыметін тартқан отбасыларға да біраз көмек жасалыпты. Мысалы, мемлекеттен біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 75 адамға 3 110 000 теңге, 300 адамға 7 000 000 теңге коммуналдық өтемақы төленген. Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында ұйымдастырылған «30 игі іс» керуені бойынша 16 отбасының әрқайсысына 15 000 теңге, 12 отбасына 10 000 теңгеден сертификаттар табысталды. Оған ауылдың қайырымды азаматтары көмек жасаған. Ойламаған жерден үйі өртеніп, баспанасыз қалған ауыл тұрғыны Ғазиз Шамаровтың отбасы жергілікті жастардың бастауы және халықтың қолдауымен жаңа пәтерлі болды.

Инфрақұрылым – игілік бастауы

Есепті кезеңде округтің 12 көшесіне жаңадан 2400 метрлік тасжол, 28 көшеге жаяу жүргінші жолы төселген. Округтегі 7 әлеуметтік нысанға автотұрақ алаңы жасалып, екі зиратқа тасжол жүргізілді. Мемлекеттік-жекеменшiк әріптестік арқылы округтегі 116 көшенің 19- ына түнгі жарық желісі тартылып, электр қуатын тарататын 4 трансформатор жаңартылған. Биыл да осы бағдарламаның IV кезеңі бойынша тағы 13 көшеге (ұзындығы – 12 200 метр) түнгі жарықтандыру желісі жүргізілмек. Тұрғындардың сұранысына сәйкес, жолаушы тасымалдайтын көліктердің 6 аялдамасына қо сымша тұрақ жасақталды. Қазір №50, 57 бағыттар бойынша 18 автобус халыққа тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Елді мекенді көгалдандыру мақсатында Атырау ауылына ұзындығы 4 мың метр жазғы су жүйесі тартылды.

Басты назар – білім мен денсаулықта 2021-2022 оқу жылында округтегі Ф.Оңғарсынова және Жамбыл атындағы орта мектептерде 2159 оқушы білім алып жүр. Мұғалімдер сабақты «Білімlend» онлайн мектеп платформасы арқылы өткізеді. Біліктілігін арттыру мақсатында 18 мұғалім «Мектеп басқарудағы менеджмент және креативті ойлауын дамыту» курсынан өтіп, сертификат алды. 100 оқушы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері атанды. Мектептердегі оқушылардың білім сапасы – 60 пайыз. Биыл Жа ң ат а л а п ау ы л ы н да 300 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Округ орталығындағы Дамбы дәрігерлік амбулаториясы және оған қарасты Жаңаталап фельдшерлік-акушерлік бөлімшесі халық саулығын жақсартуға бағытталған іс-шараларды толықтай атқарып отыр. Өткен жылы 67631 адамға дәрігерлік қабылдау жүргізілді. COVID-19 вирусына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп, инфекцияның таралу тәуекелін азайту мақсатында 6964 тұрғынға екпе салынды (орындалуы – 132,2%). Короновирус инфекциясына шалдыққан 517 ауыл тұрғынының 510-ы емделіп, сауығып шықса, өкінішке қарай 7-еуі көз жұмды. Қала әкімдігінің қолдауымен желтоқсанда Дамбы дәрігерлік амбулаториясының дәрігерлеріне 2 қызметтік пәтер берілген.

Кәсіпкерліктің деңгейі қандай?

Балық аулап, оны өңдеумен айналысатын Құрманғазы, Жамбыл атындағы, «Восток», «Стандарт» өндірістік кооперативтері мен «Қызыл балық», «Каспийрыба-Евразия», «Абылайхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қиындықтарға қарамастан, өздеріне тиесілі лимит мөлшерін игеруге жұмыстанып, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ауылда мал ұстап, оның басын көбейту – өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, жайылым мен қысқа қажетті мал азығын дайындайтын шабындық жер жоқ, барының өзі тапшы. Ал, жылыжай шаруашылығымен шұғылдануға, құс өсіруге ниетті тұрғындар, осыған бет бұрған кәсіпкерлер де жоқ емес. Әйтсе де, олардың қолға алған ісін қарқынды жүргізіп әкетуіне қолайлы жағдайлар мен қолдау шаралары әлі де жеткіліксіз. Содан болар, кейде бастаған ісін орта жолдан тастап кететін құлықсыздар бары да жасырын емес. Соның өзінде округтегі төрт түліктің саны артып, бұл бағытта жасалған қадамдар сәл де болса ілгерілеп келеді.

Мәселе орындалуымен құнды

Жиында Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жұмабек Қаражанов қалада атқарылған жұмыстар туралы округ тұрғындарын хабардар етті.

– Былтыр қаланың даму бюджеті 14,3 милиард теңге болды, бұл алдыңғы жылғыдан айтарлықтай төмен. Соған қарамастан көптеген шаруа оңғарылды. «Береке» шағынауданында 9 көпқабатты үй (645 пәтер) пайдалануға берілді. Оның барлығы «Шаңырақ» бағларламасы арқылы ресімделіп, «Отбасы банк» арқылы қаржыландырылуда. Ал, «Самал» шағынауданынан салынуы тиіс 1152 пәтерлік 16 тұрғын үйдің алғашқы үшеуінің құрылысы басталып кетті. Былтыр жалпы ұзындығы 59,9 шақырымдық 110 көшеге автокөлік жолы салынды. Соның ішінде «Зарослый-1» елді мекеніндегі 31 көшенің 17-іне биыл толық асфальт төселіп болады. Қалғандарының жобалау-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өтіп, қажетті қаржысы шешілген соң құрылыс басталады. Осындағы электр желісімен жабдықтау жұмыстарының жо басы да қайтадан қар а л ып , қаржыландыру көздері іздестіріледі. Биыл осы округте 14,7 шақырымдық жаяу жүргінші жолын салу жоспарланып отыр. Құрманғазы ауылынан салынатын 280 орындық бөбекжайбалабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Ал, «Жаңаталап-2» ауылындағы 290 орындық балабақшаның құрылысы бастапқы белгіленген мерзімі өтіп кетуіне байланысты қаржысы қайта қаралып, ішінара өзгертулер мен түзетулер енгізіледі, – деді Жұмабек Байрақбайұлы.

Одан әрі қала әкімінің міндетін атқарушы Жұмабек Қаражанов Дамбы және Атырау ауылдық округтеріне ортақ өзекті мәселе – түнгі жарықтандыру желісі бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан және аса қажет деген негізгі көшелерге жүргізілетінін қаперге берді.

Ал, тұрғындар тарапынан алғашқы қойылған сауал – ауылдың тазалығына қатысты. Бюджетті жоспарлау кезінде қарастырылған ауыл көшелеріне қоқыс салатын контейнерлер қою және оларға арнайы орындар белгілеу мәселесі белгіленген кезеңдері бойынша жүзеге асады екен. Ауылға ежелгі «Қызыл балық» атауын қайтаруды сұраған тұрғындарға Жұмабек Қаражанов бұл мәселенің ономастикалық комиссияда қаралған соң тиісті құжаттары жасақталып, мақұлдау үшін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылатыны айтып түсіндірді. Жиында «Атырау-Дамбы» жолындағы бау-бақша серіктестіктерінің тұсына қоқыс контейнерлерін қою, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер телімін алу, егістік алқабына қажетті судың тапшылығы тәрізді сауалдарға да тиісті жауаптары айтылды. Әрине, көтерілген мәселелердің кейбірінің шешімі – тұрғындардың өздеріне тікелей байланысты. Соның бірі – жұмыссыздық жайы.

Атап айтқанда, жұмыспен қамту орталығына тіркелгендерге түрлі жұмыстар ұсынылады немесе басқа мамандыққа даярлық курстарына жолдама беріледі. Оған төленетін ақысы да бар. Соған қарамастан, мұндай мүмкіндіктен бас тартатындар көп. Мысалы, қаладағы көгалдандыру, тазалық жұмыстарымен шұғылданатын мекемелерге жіберілген адамдар жалақысы жоғары бола тұра жұмыс ауқымына шыдамай кетіп қалып жатады. Тіпті, жолаушы тасымалдаушы мекемелерге жоғары санатты автобус жүргізушілері жетіспейді. Айлығы – 300 мың теңгеден кем емес. Бірақ тепсе темір үзетін жастағы жігіттер оған барғысы келмейді. Мәселенің шешімін таппауы – соған байланысты. Ал, күнделікті көше тазалығы мен қоғамдық тәртіптің сақталуы, егілген тал-теректің күтіп-ұсталуы да көбінесе тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты.

ТҮЙІН

Ауыл әкімдерінің халық алдында есеп беруі жылдағы дәстүрге сай өтті. Бірақ жұмыстың атқарылуы мен халықтың ой-пікірінің арасында кәдімгідей өзгешелік бары айқын аңғарылды. Себебі, тұрғындар өз ұсыныстарын еркін айтып, орынды реніш шағымдарын ашық білдіріп отырды. Тіпті, жылдағыдай алдын-ала белгіленіп қойылған сөйлеушілердің де сөзін бөліп, нақты мәселелер жөнінде батыл пікірін айтқандар да болды. Соған қарағанда, қоғамға ортақ мәселелерді шешуге байланысты бұқараның да көзқарас-пайымы оңынан өзгере бастаған тәрізді. Ендеше, әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындарының өткізу форматын өзгертетін кез жеткен секілді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button