Жарнама
Жаңалықтар

Атырау-Астрахан жолын жөндеп жатқан компанияға айыппұл салынды

ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНДАРЫ АТЫРАУ– АСТРАХАН ЖОЛЫНДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН «АҚ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ. ОЛ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ЕДІ.

Тексеріс барысында серіктестіктің Исатай ауданы, Жанбай ауылының маңында орналасқан өндірістік базасында бетон, темір, ағаш, құрылыс материалдары мен қара түсті сұйық майларды жинайтын темір бөшкелердің ашық күйде жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, басқа да қалдықтарды жинау үшін арнайы жабдықталған орындардың қарастырылмағандығы және қалдықтардың база аумағында әр жерде шашылып жатқандығы анықталды.

Ал, қалдықтар жиналатын қоқыс жәшіктерде қағаз, пластикалық бөтелкелер, картон, целофан, тұрмыстық қалдықтар, құрылыс материалдары, майлы шүберектер, т.б. қалдықтар ретсіз салынған.

– Серіктестік әкімшілік құқық бұзғандығын мойындап, айыппұлды 50 пайызға жеңілдетуді сұрады. Нәтижесінде жалпы сомасы 1 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды. Департамент тарапынан серіктестікке өндірістік база аумағын тәртіпке келтіру керектігі ескертілді, — деді департамент өкілі Әйгерім Қыдырова.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button