Атырау-Астрахан тас жолында қайғылы оқиға орын алды
Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлады.
“20 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолының 659 шақырымы тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 1992 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматы басқару жүйесін игере алмай қарсы бағытта келе жатқан маркасы Mercedes Benz Actros жүк көлігіне соғысқан. Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігіндегі 1982 ж.т., жолаушысы қаза тапты. Жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Сондай-ақ, аталған көліктің 2 жолаушысына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, автокөлік жүргізушісіне оқиға болар уақытқа дейін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Сарыөзек елді-мекен тұсында ескерту жұмыстарын жүргізген”,- деп жазылған хабарламада.
Сурет: freepik.com