Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау-Астрахань» жолы ашылды

Бүгін көктайғаққа байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған «Атырау-Астрахань» жолы кешкі сағат 19:00-де  ашылды, деп хабарлайды atr.kz

 «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы өкілдерінің мәліметінше, көктайғақ салдарынан 7 сағаттай жабылған жолға  100 м3 тайғаққа қарсы қоспалар себілді. 

Естеріңізге сала кетейік, тас жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары мен ауа-райының құбылмалылығына байланысты жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  ҚР Көлік министірлігіне қарасты «ҚазАвтоЖол» АҚ АОФ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ және «ҚАЖсервис» ЖШС өкілдері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. 

Осыған дейін жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 712-893 шақырымы аралығында /Жанбай -Котяевка/ көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған едік. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button