«АТЫРАУ-АҚПАРАТ» медиахолдингінде – жаңа басшы
Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды.
«Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. Одан кейін 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының “Сарыарқа”, “Мысты өңір” газеттерінде тілші болып бастаған.2003-2004 ж.ж. “Қазақ университеті”, “Жас Алаш” газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019 жылдары аралығында “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.
«Атырау облысының коммуникациялар қызметі»